«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде студенттер мен ата — аналардың қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметке білікті кадрларды университет қабырғасынан даярлауға басымдық беруді көздейтін айтулы шараға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің «Заң»,
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері мен Департамент қызметкерлерінің ата-аналары, балалары белсене қатысып, Агенттіктің негізгі миссиясы мен жемқорлықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органының бүгінгі жұмыс барысымен танысты.
Өз кезегінде департаменттің құрылымдық басқармаларының басшылары Агенттіктің негізгі миссиясын, мемлекеттік, құқық қорғау органдарына қызметке келу және 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының талаптарын түсіндірді.
Шара соңында Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін жас мамандарға болашақта мемлекет тарапынан айрықша жауапкершілік жүктелетінін жеткізіп, студенттерге кәсіби біліктілігі жоғары маман болып қалыптасуға тілектестік білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444