ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ «ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА» АТТЫ САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫН СОМДАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Кентау көпсалалы колледжінің студенттері арасында ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама, ар ойла …» атты сахналық қойылым ұйымдастырылды.

Игі шараның негізгі мақсаты — ұлттың ұлы ақыны Абайдың өнегемен өрнектелген өлеңдерін дәріптеу арқылы жас буынның бойына ар тазалығы мен адалдық қағидаттарын қалыптастыру.

Пайдакүнемдіктен алшақ болуға үндейтін шарада колледж жастары тұла бойдағы қарым-қабілетін шыңдай отырып, бәсі биік шығарма желісін шалқар шеберлікпен сомдап шықты.

«Адал жүріп, адал тұр» деген тәмсілді сөз қалдырған ұлы Абайдың туындылары сахналанған келелі кеште кестелі ойдан құралған қарасөздері де атап өтіліп, мазмұнды жырмен қатар дана сөздер де ортаға салынды.

Ұлы ақынның ұлағатты шығармалармаларына қанныққан жиынға қатысушылар шара соңында студент-жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, өз алғыстарын жаудырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444