«Мәңгілік ел» идеясын қалыптастыру — жастарды елжанды етеді

Бүгінде Қазақстан Республикасы ұлттардың бірлігіне негізделген бай тарихи мұрасы мен мәдениетін дамытқан ел. Тәуелсіз еліміздің мұраты — Мәңгілік Ел болу.

Тарихи сананы қайта жаңғырту, елдік дәстүріміздің тамыры тереңде екенін бүгінгі жастарға ұғындырудың маңызы зор. Жастардың отаншылдық және азаматтық қырын қалыптастырудың негізі төл тарихымызды танытуда, тарих тағылымынан сабақ алуда жатыр. «Мәңгілік Ел» патриоттық акті негізінде жастарға тәрбие беру жұмыстары  жоғары дәрежеде жүргізіліп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», — деп атап көрсетті. Сонау ежелгі түркі дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі рухани мұраларымызды болашақ жас ұрпақтың тәрбиесіне қолданып, қоғам игілігіне айналдыру, бүгінгі жастардың бойында азаматтық ұстанымдарының  қалыптасуына ықпал етеді.

Жастардың бойында патриотизмді қалыптастыруда университеттің   идеологиялық тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасы басшылыққа алынып, жүзеге асырылуда.

Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: ««ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар дей келіп, дамыған елдің бір көрсеткіші сапалы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен саламатты өмір салтын ұстанатын саналы азамат тәрбиелеу болып табылады», деп атап өткен болатын. Қазіргі жағдайда еліміздің әрбір азаматы өз елінің иесі екендігін  сезіне отырып, Ел экономикасының дамуына, оның мәдениеті мен өнерінің өсіп өркендеуіне үлес қосып, елдің  жеңісіне  де, қиыншылықтарына  да  төтеп беруі қажет. Отанына  деген  сүйіспеншілік, өз елі үшін  мақтаныш, талапты және табанды еңбек ету- әрбір жас патриоттың өзгермейтін қасиеті  болуы тиіс. Сондықтан студент жастардың бойында азаматтық ұстанымдарын дамытуда ЖОО ерекше орын алады.

Бүгінде Мәңгілік Ел ұлттық идеясы, біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Мәңгілік Ел идеясы қазақстандық жастар үшін жасампаз күш-қуаттың қайнар көзі, мемлекетшілдік пен елжандылықтың тұғыры. Бүкіл Қазақстан халқын біріктіруші, әрі ұйыстырушы рухани күш және әлеует. Бүгінде бүкіл қазақстандықтар осы идея аясында бірігіп, жұдырықтай жұмылып ел мүддесі мен мақсатына еңбек етуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 85-қадамында айтылған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі әзірленіп, университетте жастармен жүргізілетін тәрбиенің идеологиялық қайнар көзіне айналып отыр.

Жоғары оқу орнындағы студент жастар өнегелі тәртібімен, білім мен ғылымды игеру арқылы ел дамуына өзіндік үлес қосуда. Елбасының өзі, «Мәңгілік Елдің ең басты сипаттарының бірі – ғылым мен білім»,- деген болатын. Жан-жақты дамыған, азаматтық ұстанымы бар, елжанды ұрпақ тәрбиелеуде университеттің профессор-оқытушылар құрамы зор ізденіспен еңбек етуде. Білім беру, ғылым саласында, жоғары білікті мамандар дайындап отырған университетте қоғамдық-саяси маңызы бар жұмыстар белсенді жастардың талапты еңбегімен ұйымдастырылуда.

Сондықтан демократиялық көзқарастар мен ұстанымдарды қалыптастыруда студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жоғары мәртебеге ие. Бұл студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі.

Студенттік өзін-өзі басқаруды қалыптастыру болашақ бөлімше, кәсіпорын, мекеме басшысын дайындаудың әдісі болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқару — оқу, тұрмыс, бос уақытты ұйымдастыру бойынша өмірлік маңызды сұрақтарды шешуге жауапты ынталы, дербес және жауапты әрекет.

Университеттегі студентердің өзін-өзі басқару жүйесі негізінде студенттерге жоғары оқу орнын басқару мен оның ішіндегі академиялық топтар, факультеттер, студенттер үйі, үйірмелер, секциялар және тағы басқа бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда студенттік өзін-өзі басқару жастардың бос уақытын тиімді өткізуді және студенттік активтің ұйымдарды басқаруын қалыптастырады.

Осы орайда, университетте «Студенттік Кеңес», «Жас Отан» Жастар қанаты, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, «Студенттік құрылыс жасағы», «Спорттық», «Өнер» және «Ғылым» ұйымдары. Оқу ордамыздағы 30-ға жуық түрлі этностарды бір мақсатқа ұйыстыруда Қазақстан Халқы Ассамблеясының ізбасары ретінде «Достық» клубы да жемісті жұмыс жасауда.

Студенттік ректордың басшылығымен қызмет атқаратын Студенттік Кеңес айына бір рет өзін-өзі басқару күнін өткізеді. Сабақ үлгерімдері  үздік, қоғамдық жұмыстарда аса белсенділік танытқан студенттер университеттің ғылыми Кеңесінің, ректораттың құрамына енгізіледі. Мұның өзі студенттердің университетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігін көтеруге  тікелей ықпал етуде .

«Бүгінгі білім-ғылым – бұрынғы білім беру үрдісінен әлдеқайда бөлек дүние. Ағымы қатты ақпаратты заманның инновацияға әсері күннен күнге өз әсерін тигізуде. Қазіргі сәтте білуге қажет жаңа ақпараттың көлемі жылына 30 пайызға өсіп отыратыны белгілі. Яғни, студент университет қабырғасында жүріп бітіргенше ақпараттық кеңістік толығымен жаңаланып өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде, технология саласындағы өзгерістерден бір сәтке де кеш қалмауымыз тиіс. Оны меңгермей қалсақ, онда  артқа шегініс жасағанмен бірдей деп есептеймін.

Жаһандану – бұл ешқашан кері қайтпайтын әлемдік үрдіс екенін мойындауымыз керек. Жаһанданудың жастарға берер мүмкіндігі қандай шексіз болса, заңы да сондай қатал екенін ескергеніміз жөн. Бұл қазіргідей ғаламторды күдік пен күмән жайлаған заманда жаһандануға бірден бір қарсы тұра алатын күш – ата бабаларымыздың ұлттық рухында тәрбиеленген, өзіндік азаматтық ұстанымы мен демократиялық құндылықтарды сақтай білетін жастар деп атауға болады.

Жастардың білім алуына, кәсіби, ғылыми және шығармашылық өсуіне жағдай жасау – қоғамды жаңғыртуға және алға ілгерілетуге салынған сенімді инвестиция. Елбасының тапсырмасымен бүгінде елімізде мемлекет пен жастардың өзара конструктивті сұхбаты үшін қолайлы жағдай жасалған. Студент жастардың азаматтық ұстанымдарын жоғары деңгейде қалыптастыру бұл билік пен жастар арасындағы тығыз ықпалдастықтың перспективаларын анықтауға, өзекті тақырыптарды талқылау мен өзара пікір алмасуға жақсы мүмкіндік береді.

Жастардың денсаулығы, білімнің бәсекеге қабілеттілігі, жастардың бизнес ортасының ерекшелігінен бастап дін саласындағы рухани мәселелерге дейінгі ауқымды сұрақтар кешені.

Егерде өз бойыңда білімге деген терең талпыныс болмаса, онда ең үздік білім беру жүйесі де, ең білікті мұғалім де жастарға ештеңе үйрете алмайды. Міне, сондықтан елдің жарқын болашағы мен қазақстандықтардың сапалы білім арасындағы теңдік белгісі туралы айтқанда, Президент өздерің арқылы барлық жастарды тек жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, оны Отан игілігі үшін қолдана білуге шақырды.

Ұлтымыздың көптеген ұрпақтары тарихи тұлғаларға еліктеп тұлғалық тұрғыдан қалыптасуы тиіс. Олардың қатарында Керей мен Жәнібек хандардан бастап,  билер мен шешендердің ел басқаруындағы тұлғалық сипаттары мен көрегенділік саясатын меңгеруі керек.

Бүгінде Елбасының тапсырмасымен елімізде мемлекет пен жастардың өзара контруктивті сұхбаты үшін қолайлы жағдай жасалған. Мемлекетімізде мемлекеттік қызметте сатылай өсу дәстүрі қолға алынған, яғни «Меритократия» қағидасы бойынша білікті мамандарды дайындауға, жастардың саяси сауаттылығы мен саяси мәдениетінің дамуына барынша қолдау көрсетудеміз. Студент жастардың азаматтық ұстанымдарының жоғары деңгейде қалыптастыруына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жастарды мәңгілік ел ұлттық идеясын төңірегінде жұмылдыратын болсақ, болашағымыз жарқын болатыны айқын.

Бүгінде жаһанданудың жаңғырығы белең алып тұрған күрделі кезеңде Отанын сүйетін, туған жерін құрметтейтін, ата-баба салт-дәстүрлерін мақтаныш ететін ұрпақ тәрбиелеудің маңызы арта түсуде. Ұлы философ, ғұлама ғалым Конфуций: «Егер әр адам күнде өзіне мен елім үшін не істедім деген сұрақ қойса, ол ел мәңгі жасайды», деген екен. Сондықтан да жастарды мемлекетшілдік пен отаншылдыққа баулудың, өз елінің азаматы ретінде тәрбиелеудің маңызы зор.

Еліміздің ертеңі, бүгінгі жастардың бет-бейнесі мен тәрбиесіне байланысты. Біз келешекте дамыған қуатты мемлекет, өркениетті қоғам құрамыз десек, жастарды отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеуіміз қажет. Ал, ол тәрбиенің негізі, ғасырлар сынынан сүрінбей өткен, халқымыздың рухани мұралары салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және «ата-баба» жолы. Еліміздің тарихындағы даму мен өркендеудің тағылымы мен тәлімін ұғынып, осы өткен жолдан сабақ алсақ, біздің елдігіміз мәңгі жасайды.

Айменов Айдар Жамбылұлы – гуманитарлық ғылымдар магистрі,

Утеева Камшат Құрманбайқызы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444