ТҮРКІСТАН: ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА САТУШЫСЫ ЖОҚ ДҮКЕН АШЫЛДЫ
Бүгін «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі мен облыстық Жастар ресурстық орталығы бірлесіп кезекті «Адалдық дүкені» іске қосты.
Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған Жобалардың бірі болып табылады.
Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады.
Дүкенде жастар өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы болмайды, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.
Аталған іс-шара жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, оның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетсек, мұндай дүкендерді әрі қарай облыстағы қоғамдық орындарда ашу жоспарлануда.