Қантты диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған семинар өткізілді
Шымкент қаласы Политехникалық колледж студенттеріне қантты диабетті анықтау, дұрыс тамақтану маңыздылығын, қантты диабетті алдын алу шаралары және қантты диабет туралы студенттерді ақпараттандыру мақсатында Қантты диабетке қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында Кетле индексі мен бел көлемі өлшенді. Қант диабетінің белгілері:
шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін); кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
ауыздың құрғауы; әлсіздік; тәбеттің күшті болуы; терінің қышуы; ұйқының қанбауы; ұйқыдан шаршап тұру; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу.