«Темекіге қарсымыз» акциясы аясында челендж басталды

Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Темекіге қарсымыз» акциясы аясында челендж бастады. Темекі шекпейтін , темекіге қарсы, темекі шекпей айналасындағы жақындарына және достарына саулық тілейтін азаматтарды осы челенджді қолдауға шақырамыз. Мамандардың сөзінше, әлем бойынша темекіден 5 млн. адам ажал құшады. Темекіге тәуелді қазақстандықтардың үлесі 27 пайызды құрап отыр. Ол дегеніміз, елімізде әрбір төртінші азамат темекі шегеді. Зерттеуге сәйкес, олардың 12 пайызы -11 жастан, ал 5 пайызы 9 жастан бастан темекі шеге бастайды. Сол себепті осы проблемаға баса назар аударған жөн деп санайды мамандар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444