Келер жылы аулаларды абаттандыру, спорт алаңшаларын салу жұмыстары жалғаса береді
Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов қазіргі ауданның бюджеті 500 млн теңгенің шамасында екенін айтты. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы аудандармен салыстырғанда бюджет 10 шақты есе аз. «Бұл мәселені Ерлан Қуанышұлы көтеріп, келер жылға ауданның бюджетін 1.6-1.8 млрд теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Тиісінше келер жылы аулаларды абаттандыру, ойын, спорт алаңшаларын салу жұмыстарымен де айналысатын боламыз. Осы уақытқа дейін болмаған Жобалау сметалық құжаттарды да өзіміз әзірлейміз» деді Абзал Шымкентбайұлы.