Ассамблея – татулық пен бірліктің тұғыры

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай

Әр заманның талабы да, заңы да басқа. Осы­ны еске ал­ғанда, Ас­самблеяның көз­де­ген мақсатының айқын әрі нық екендігіне көзім жетеді. Біле білсек, Қазақ­стан­ның Ассамблея құрудағы тәжірибесін көптеген мем­лекеттер қолданып отыр. Мәселен, 2003 жылы Ассам­блеяның делегациясымен Мәскеу­ге барған кезімде сол тұстағы Ресей халықтары ассам­блея­сы атқарушы комитетінің төрағасы ұлты тува Ч.Ондармен сөйлесе кеткенімде ол: “Біз өз ассамблеямызды Қазақстанның тәжіри­бе­сіне сүйеніп құрдық”, деді. Сол шақта төбем көкке жеткендей болып, қуанғаным бар. Ресей Федерациясы халықтары ассамблея­сы­ның төрағасы Рамазан Қажымұратұлы Әбду­лә­тіпов мырза да: “Біз Ресей халықтары ас­сам­блеясын Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның құжаттары мен мол тәжірибесі негізінде құрған бола­тын­быз. Себебі, Қазақстан халқы Ассамблеясы бізден үш жыл бұрын құрылған еді. Біз одан көп нәрсе үйрендік, бірақ әлі күнге дейін Қазақстанның деңгейіне жете алмай келеміз. Мен сіздерге қызығамын. Өйт­кені, сіздердің Ассамблеяларыңызды Пре­зиденттің өзі бас­қара­ды. Сондықтан сіз­дерде барлық жағынан мүм­кіндік жоғары”, де­генді айтып еді. Шы­нын­да да, сөзінің жаны бар. Тағы бір айта кететін жәйт, Ассамблея бас­шы­лары Қазақстанда тұратын әр этнос өкіл­дерімен тұрақты түрде жиі кездесулер өткізеді.

…Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған­нан кейін әрбір этностың өз мәдениет бір­лестіктері ашыла бастады. Біз бұрын ұйғыр­дың, қазақтың тарихын жетік білмейтін едік. Тек мәдени бірлестіктер құрылғаннан кейін ғана әр этнос өз мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін мең­геруге бет бұрды. Этностардың өз жәдігер­лері­мен қауышуына Ассамблеяның қолдауы мен көмегі толыққанды мүмкіндік туғызды. Бұған, әлбетте, әу баста Елбасының жанынан кеңесші орган ретінде құрылған ҚХА-ның уақыт өте келе конституциялық орган дәрежесін алғаны септігін тигізді. Демек, Ассамблеяның негізгі бағыты – мәде­ни-ағартушылық – тілдер мен ұлттық мә­дениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаң­ғырту және насихаттау; тәрбиелік – қазақ­стандық және ұлттық отансүйгіштікті қалып­тастыру; этносаралық қатынастарды қада­ға­лау негізінде ұлтаралық татулық пен келі­сім­ді нығайту; Қазақстанды мекен еткен этнос­тар өкілдері арасында достық қарым-қаты­нас­тардың дамуына негіз болатын мемле­кет­тік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау.

Қазақ халқы өзінің ерек­ше қасиетінің арқасында елімізді ме­кен­деген этностардың басын қосып, мемлекет құраушы ұлт, тәуелсіз ел бола алатынын көрсетті.

Юлдаш АЗАМАТОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444