Бүгінгі таңда олардың бесінші  ұрпағы өмір сүріп жатыр

1 Наурыз — Алғыс айту күні.

Шымкент қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдығының ашылуына орай сөйлеген сөзінде былай деді: — Бүгін біз қысты шығарып салып, көктемді қарсы алып жатырмыз. Бүгінгі ісшаралардың барлығы да Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды. Тарихтың бетіне үңілетін болсақ, сонау  1880-1960 жылдардың аралығында алты жарым миллионға жуық орыс, грек, түрік, әзірбайжан және тағы да көптеген ұлт өкілдері Қазақстан жеріне тағдыр-тәлкегімен қоныс аударылды. Бұл күнде баршасы  тату-тәтті және ізгілікті қазақ елінде өмір сүріп келеміз. Бір кездері қазақ халқы қиындық көрген өзге ұлт азаматтарын құтқарып, тарихи ерлік жасады. Саяси қуғын-сүргін жылдарында жер ауып келген адамдарға соңғы нанымен бөлісіп, жатсынбай, туған-туысқандарындай араласып, төрінен ойып тұрып орын берді. Олар ашаршылықтан, жұттан аман қалды. Бүгінгі таңда олардың бесінші  ұрпағы өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты Қазақ еліндегі этнос өкілдері қазақ еліне, қазақ жеріне, қазақ ұлтына рахметін айтып, алғысын білдіруде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444