Шымкент қаласының әкімі карантинге жабылған тұрғын алаптың жағдайымен танысты

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН ТҰРҒЫН АЛАБТЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСЫП, ХАЛЫҚҚА ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТТІГІН ТҮСІНДІРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов карантинге жабылған Абай ауданындағы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабына барып, онда орнатылған бақылау бекетінің жұмысын көріп қайтты.

Шаһар басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановпен бірге аталған тұрғын алабта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларымен танысты. Қазіргі таңда мұндағы жағдай толық бақылауда. Қала әкімі тұрғындарға көшелерде негізсіз жүрмеуді, барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертті.

Айта кетсек, Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Осы мақсатта Шымкентте 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі қосымша шектеу шаралары енгізілмек. Атап айтсақ, Шымкент әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары тоқтатылып, қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы «тағамдарды үйге жеткізу» режимінде жүзеге асырылады. Ірі сауда орталықтарындағы ойын-сауық аймақтарының, спорт кешендерінің қызметтері уақытша тоқтатылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444