ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Үшінші мегаполис әкімі М.Әйтенов «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсенің басшысы және қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Е.Төлебаев, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов және мемлекеттік органдардың басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің біразы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.

Әрбір тұрғынды мұқият тыңдаған қала әкімі барлық мәселелер заң аясында қаралатынын атап өтіп, тұрғындар уәждері бойынша сала басшыларына тапсырмалар берді.

Айта кетейік, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды. Жобалық кеңсе басшысына әлеуметтік желілер (https://www.facebook.com/erasil.tolebaev, https://www.instagram.com/ytolebayev/?igshid=7hnr28xpnni) немесе  8 (707) 186 28 43 нөмірі арқылы байланысуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444