Шымкент: Сарапшылар көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
Бүгін мемлекеттік қызмет көрсету, салық салу, шекаралық бақылау салалары, Кәсіпкерлер палатасы және қоғам белсенділерінен құралған сарапшылармен диалог аясында шетелдік азаматтардың көші-қон саласындағы проблемалық мәселелері, сондай-ақ көші-қон қызметінің басқа да бағыттары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша шетелдік тұлғаларды кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркеу, көшіп келушілердің еңбек қызметіне рұқсат беру, шетелдік жұмыс күшін квоталау және басқа да бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды.
Осы саланың халық үшін маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жалпы өңір экономикасының дамуы үшін көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлауға арналған Департаменттің taldau2021.2022@gmail.com электронды поштасы және +7 747 741 76 28 WhatsApp нөмірі қосылғандығын мәлімдейміз.