«ТҮРКІСТАН» ӘЛЕУМЕТТІК — КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылғы 12 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымында ақпараттық түсіндіру жиынын өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейтумен қатар, оның алдын алу жолдарын түсіндіру.

Жиында сөз сөйлеген Департамент өкілі Ғабит Өмірәліұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері мен Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы атап өтті. Сондай-ақ, департамент заңда белгіленген құзыреті шегінде барлық уақытта отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынын ол жөнінде арнайы Жоба бар екенін жеткізді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті тек қана мемлекеттік органдар ғана емес, еліміздің әрбір азаматы күресу қажет екенін жеткізіп, қатысушыларға әлеуметтің дертпен бірге күрес жүргізуге шақырды.

Жиын соңында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444