ТҮРКІСТАН: АДАЛ АДАМҒА СЕНІМ ДЕ МОЛ БОЛАДЫ

Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының дамуын тежеп, билік пен бұқара арасындағы сенімді сетінететін  қауіпті құбылыс. Оның қоғамда белең алуы кез-келген мемлекеттің бәсекелестік қабілетін төмендетіп, ел болашағының жарқын болуына кері әсерін тигізеді.

Осыған орай, бүгін  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесуі Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен өтті.

Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылармен өткен шараның негізгі мақсаты – сындарлы диалогтық алаң құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Адалдық принципі кеңінен насихатталған келелі кездесуге облыстық үгіт-насихат штабының мүшелері Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев, сондай-ақ  қалалық ішкі істер басқармасының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Ағартушылық жиында сөз алған  А.Абпазов парасатты қоғам құрудың маңыздылығын айқындап, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында  адал қызмет етуге үндеді.

Сондай-ақ, қоғам індетінің  мемлекет экономикасына  тигізер зардабы мен залалын жан-жақты түсіндіріп,  киелі өңірді сыбайластықтан азат кіршіксіз мекенге айналдыруға шақырды.

Өз кезегінде Ерұлан Икрамұлы ар үстінен аттаған парақорлықтың ауыр қылмыс екендігін атап өтіп,  пара алған және пара берген азаматтардың теңдей жауапкершілікке тартылатынын тілге тиек етті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444