ЖАСТАР МЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі Нұржахан Абуова Отырар ауданына қарасты жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — адалдық құндылығының маңыздылығын түсіндіру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту.
Ол сөз сөзінде ел ертеңі өскелең жас буынның қолында екенін, ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың белсенділігі аса маңызды екендігін атап өтіп, жастар жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.
Шара барысында Н.Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңашылдықтар мен толықтыруларды таныстырып, 5 жылды қамтитын Тұжырымдамада көрсетілген негізгі басымдықтарға тоқталды.