ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов және қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдері, мекеме, басқарма басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысына алғаш қатысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Қоғамдық кеңес мүшелерімен танысып, тікелей диалог құрды. 
Кеңес мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап беріп, оң шешілуі тиіс мәселелерді бірлесе қарап шықты.

Сонымен қатар, төрт ауданның әкімі өткен 2019 жылды қорытындылап, қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Әсіресе, жақын арада шешілуі тиіс инфрақұрылымға басымдық берілді. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласына қарасты барлық ауданда ауыз су, жол, газ, электр жүйесі сынды мәселелер бар. Ең бастысы коммуналдық проблемалар деген қала әкімі, бұл мәселелердің алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өздерін толғандырған мәселерді көтеріп, сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444