Жат ағымдардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қазіргі күнде шешімін таппаған жекелеген мәселелерге қарамастан, елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұмыстары жүйелі деңгейде жолға қойылғаны туралы толық сеніммен айтуға болады. Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Дін мәселелерімен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылып, дін саласын реттейтін жаңа заң күшіне енгеннен бергі уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. 2019 жылдың 21 қарашасы мен 26 қарашасы аралығында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында қоғамдағы діни экстремизммен, керағар діни ағымдарды алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.