«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында ашық есік күні өтті
Әйелдерге қатысты әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы — бақытты ел» атты ұранымен өткізіліп, Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтілуде. Осыған орай «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратында ашық есік күні өтті. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының мамандары, аудандық ІІБ қызметкерлері және психолог мамандар қатысып, келген тұрғындарға заңгерлік кеңестер берілді. Зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетіліп, оңалту орталығына жолдама берілді.