«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы партия активі өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Елбасы, ҚР Тұнғыш Президенті, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен партияның аймақтық филиалдарының өкілдерімен болған кездесуді түсіндіру және сол мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Шымкент қалалық партия филиалының партиялық актив мәжілісі өтуде.

Партиялық актив мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі, партия филиалы төрағасы Erlan Aitakhanov, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ташқараев Ғани Әбдуғаниұлы сонымен қатар, қалалық және аудандық филиал Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысып жатыр.
Партия активін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерлан Айтаханов ашып жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444