«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелерін марапаттады
Шымкент қалалық Абай ауданы әкімі аппаратында еліміздің демографиясына үлес қосып келе жатқан көп балалы аналарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2 алтын, 9 күміс алқамен аудан әкімінің орынбасары Н.Тілеш салтанатты түрде марапаттады. Жыл басынан бері ауданымыздағы көп балалы аналарға 28 «Алтын алқа» және 101 «Күміс алқа» табыс етілді. Бүгінгі таңда ауданымызда 3418 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тұрады.