ОҚО ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕ 4 ЖОБА ҰСЫНБАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы мәлім еткендей, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада облыс бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетілетін болады.

Интерактивтік картада ұсынылатын төрт жобалардың бірі «Аксу-Энерго» күн энергиясы саласындағы  жобасы. «Аксу-Энерго» күн электр станциясы 2014 жылдың аяғында іске қосылған. Аталған зауыттың күн батареялары жалпы 1 МВт электр энергиясын өндіре алады.

Одан өзге «Болашақ энергиясы» көрмесінде таныстырылатын жобалар – «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «Рысжан»-«Келесгидрострой» ЖШС-нің су электр станциясы мен пайдаланылған мотор майын қайта өңдеу бойынша «Hill Corporation» ЖШС.

Жобалар шетелдік өнімдермен бәсекелесе алады.

Осыған дейін хабарланғандай, «ЭКСПО-217» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысы жасыл экономиканың бағыттары бойынша 9 жоба ұсынған. Одан іріктелген 5 жоба ұлттық павильонымызды толықтырмақ.

Жоблар жасыл технологияларды дамыту саласында қонақтар мен көрме қатысушыларын таң қалдырады деген сенімде. Оңтүстіктің жобалары көрмеге қатысушыларды жаңартылған энергия көздерімен ерекше көңіл аудартатыны анық.

Бұдан өзге көрмеге келетін қонақтар үшін арнайы тур ұйымдастыру жоспарда бар. Туристер еліміздің күнгей аймағында орналасқан рухани астанамыз Түркістанды аралап, жолай Арыстанбабқа соғады. Қазығұрт тауына шығып, «Сайрам-Өгем» және «Ақсу-Жабағылы» ұлттық парктерінің табиғатымен таныса алады деп жоспарлануда.  Қонақтарға қызмет көрсету үшін «Оңтүстік туризм» мемлекеттік мекемесі қазірден дайындықты бастап кеткен. Қазір облыста барлық сала бойынша инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Меймандарға оңтүстік еріктілер тобы да қызмет көрсетеді. Олар бүгінгі таңда арнайы оқу жаттығу курстарынан өтуде. Білім нәрімен сусындап, шет тілдерін жетік мерген олар шетелдік қонақтардың еліміз жайлы мол ақпаратқа ие болуларын және туристік орталықтарда еркін жүріп-тұруларымен қамтамасыз ететін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444