ЭКСПО-2017 – аталған тақырыпқа сай ерекше технологиямен бөлусі мүмкіндігі
Кореяның «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» атты көрмесі жұртты таң-тамаша етті. Көрменің ашылу салтанатына Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, павильонның комиссары Ким Дэ Шик, КОТРА директоры Ким Дже Хонг және тағы басқа да қонақтар қатысты.
Корея Республикасы павильонының көлемі 1 804 шаршы метрді құрайды. Көрмедегі ең үлкен павильондардың санатында. Аумағы 2 қабаттан тұрады.
Бірінші қабатта жанды сурет шоуы, лед экранмен бірлескен қойылым, Корея Республикасының энергетика саласындағы шешімдері мен баламалы энергия саласындағы технологиялары таныстырылса, келесі залында энергетикалық орманға кіруге болады. Қонақтардың қолына арнайы планшет беріледі, сол арқылы болашақ энергия көздеріне арналған арнайы ойындар ойнайды. Сондай-ақ, бұл залда сумен жүретін машина, энергия көзінен қуат алатын ұшақтың макеті қойылған.
Көрмеде Оңтүстіккореялық танымал суретші Ким Джонг Гидің туындылары қойылып, көрерменнің көзайымы болды. Анимациялық шоуда Оңтүстік Кореяға саяхат жасалып, жаңа технологиялар таныстырылады. Онда табиғатты құтқаруда жаңа баламалы қуат көздерінің маңызды екендігі көрсетілген.
Ал, екінші қабатында Корея мәдениетімен танысып, кореялық дәмханадан дәм татып, кәдесый дүкенін аралауға болады.
Ким Дже Хонг: «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрменің тақырыбы да ерекше. Қазақстанның жері қазба байлыққа толы. Алайда 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасыл технологиялар саласына баса мән беретіндігін мәлімдеді. Бұл қадам өте маңызды. Себебі, біз мұнайдың энергия көзі ретіндегі рөлі азайған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бізге баламалы энергияның жаңа көздерін табу өте өзекті. Мен «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтуі орынды деп ойлаймын. Бүгінде мұнайдың энергия көзі ретіндегі рөлі азайды, керісінше баламалы энергия дәуірі басталды».
«ЭКСПО-2017 – аталған тақырыпқа сай ерекше технологиямен бөлусі мүмкіндігі. Әр ел өзінің мәдени құндылықтарын да паш етеді. Бізге осындай платформа ұсынып отырған Қазақстанға алғысымызды білдіреміз. Биыл Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы қатынастың 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл – екі ел арасындағы мызғымас байланыстың белгісі. Сондықтан Қазақстанның – стратегиялық әріптесіміз. Сондықтан да ЭКСПО-2017 көрмесі Кореяның озық технологиясын әлемге танытуға мүмкіндік береді деп сенемін», — дей келе, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі, павильон комиссары Ким Дэ Шик мырза берген сұхбатында, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңызын атап, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі.