Шымкентте мемлекеттік органдардың бірінші басшылары «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен кездесті.

Іс–шара барысында Департамент басшысы Ә.Көмекбаев мемлекеттік органдардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануға бағытталған алдын алу     іс-шараларын іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің арнайы мемлекеттік қорға сыйлықтарын тапсыру бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілер белгіленген мерзімнен тыс уақытта жұмыс жасамауға тиіс деп тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау үшін Департамент барлық мемлекеттік қызметшілер арасында бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бірақ бұрынғы көрініс қайта қайталануда.

Құрметті әріптестер! Келесі кездесуде бұл мәселені қайта көтермеуге, Елбасы тапсырмасының барлық мемлекеттік органдармен бұлжытпай орындалуына бәріңізді шақырамын.

Жаңа кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, олардың барлық бағыттағы қызметтерін жетілдіру мемлекеттік қызметшілердің жаңа стилін қалыптастыра отырып, өзін-өзі басқару деп Елбасы нақтылады» — деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 4 қаңтарындағы Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы Т.Байгуловтың Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен Шымкент қаласының білім беру басқармасына және т.б мемлекеттік органдардағы үстеме жұмыс атқаруы бойынша жүргізген қоғамдық бақылаудың нәтижесі талқыланды.

Осы тұста, мониторингтік топ сыйлықтарды арнайы қорға тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Әли Амантайұлы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын бастағанын, кеңсеге мемлекеттік органдардан жауаптылар бекітілгенін жеткізіп, бірінші басшыларды осы жұмыста белсенділік танытуға шақырды.

Қаланың барлық мемлекеттік мекемелерінің үйлесімді қызметі мақсатында мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды мәселелер, атап айтқанда персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ барлық мемлекеттік қызметшілердің ЭЦҚ пайдалану мәселелері де көтерілді.

Ағымдағы жыл «Е-қызмет» жүйесін пайдалануда серпінді болуы тиіс деген Департамент басшысы Ә.Көмекбаев тапсырылатын кадрлық есептерді тек «Е-қызмет» жүйесі арқылы тапсыру қажеттігін хабарлады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған №57 «Хадиша» бала-бақшасына қатысты мәселелер талқыланды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444