Түркістан: «Antikor.live» жобасының тікелей эфирінде қылмыстық іс бойынша ұсыным қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің қатысуымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде онлайн конференция өтті.

«Antikor.live» жобасы аясында өткен онлайн шарада «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша енгізілген ұсыным қаралды.

Қылмыстық құқық бұзушылық дерегі қаралған конференцияның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.

Тікелей эфирде жүргізілген шарада сөз алған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының аға тергеушісі Қанат Шакимарданов Сайрам ауданына қарасты аталған мекеменің директоры А.Таукебаеваның іс-әрекетімен жасалған құқық бұзушылық дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, Сайрам аудандық сотына жолданғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, Қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушымен орын алған басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталғанын және аталған жағдайдың орын алуы басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың өз деңгейінде жүргізілмегенін тілге тиек етті.

Онлайн форматта өткен конференция соңында Сайрам ауданы әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерін және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшыларын тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Айта кетсек, елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар күн сайын «Antikor.live» жобасы асында Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларында жүргізіліп отырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444