ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ️АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЕРЕКШЕ ЕКПІН БЕРІП ОТЫР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру және хабарлау мақсатында Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Ерұлан Икрамұлының төрағалығымен өрбіген басқосуда, негізінен тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктері түсіндіріліп, Заңнамаға енгізілген түзетулер мен соңғы жаңашылдықтар таныстырылды.
Бұдан бөлек, пара алу, пара, сыйлық, сыйақы ұсыну, парақорлыққа делдал болу әрекеттеріне көрілетін жаза түрінің күшейтілгені мәлімделіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.
Жиын соңында арнайы әзірленген бейнеролик жиынға қатысушылар назарына ұсынылып, қызметкерлер тарапынан туындаған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.