ТҮРКІСТАН: ШӘУІЛДІР АУЫЛЫНДА АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында Кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан ауыл тұрғындарына қызмет ететін «Халықтық кеңсе» ашылды.
Кеңсенің негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, әкімшілік кедергілермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құжат рәсімдеуді жеңілдету.
Аптаның дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс істейтін кеңседе түрлі саланың білікті мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, халыққа тиімді қызмет көрсететін болады.
Енді киелі мекеннің азаматтары түрлі мәселелері және де өзге де сұрақтары бойынша әр мекемеге барып уақыт жоғалтпастан, осы кеңсеге келіп, барлық сала бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады.
Айта кетейік, бұған дейін өңірімізде мұндай кеңселердің алғашқысы Түлкібас ауданында ашылса, әрі қарай облыстық Полиция департаментінде және барлық қалалық/аудандық полиция бөлімдерінде жаппай ашылған болатын.
Сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы кеңселер алдағы уақытта басқа да қала/аудандарда ашылатын болады.