ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫ МАҚТАРАЛДЫҚТАРДАН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін 16 тамыз күні «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон эстафетасы салтанатты жиын барысында Мақтарал ауданынан Жетісай ауданына табысталды.

Жастар арасында өткен қорытындылау іс-шарасы Мырзакент саябағында 300 — ге жуық жастардың қатысуымен өтті.

Эстафетаны табыстау рәсіміне келген қонақтар аудандағы кенттер мен ауылдық округтермен ұйымдастырылған көкөніс, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі мен жас спортшылардың шеруін тамашалады.

Іс — шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өткізіліп жатқан марафонның маңыздылығын атап өтіп,  марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс білдірді.

Эстафета аясында өткен шарада кітап пен туды табыстаушы аудан Мақтарал  ауданы әкімінің м.а. Б.Төребеков қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Маханбетов сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетінін айтты.

Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби Шардара және Мақтарал аудандарында өтті.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде, ал марафонның соңғы Форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *