ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ «МОБИЛЬДІ ТОБЫ» ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанынан шалғай аудандардағы жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді топ» құрылды.

Топтың жұмысы негізгі 4 бағытта жүруде: талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс бағыттары.

Бұл топтың артықшылығы — шалғай елдімекендегі жастар орталыққа келмей-ақ өздеріне қажет мәліметтер мен көмектерді толық ала алады, сондай-ақ, олармен түрлі деңгейдегі ашық сұхбат алаңдарын құру арқылы, жастардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігі арта түспек. Мобильді топ 1000-ға жуық жасқа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444