SILK WAY Халықаралық университетінің студенттеріне Президент жолдауы түсіндірілді

Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері SILK WAY Халықаралық университетінің студенттеріне семинар өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және түсіндіру болып табылады.
Жиын барысында Әділет департаменті қызметкерлері мемлекет басшысы қойған басым бағыттар жайлы хабардар ете отырып, баяндама оқыды.
Жалпы қоғамда және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны дамыту мәселесіне де көп көңіл бөлінген. Осы орайда, Мемлекет басшысы болашақ- жастардың қолында екенін баса айтқан болатын. Сондықтан бұл бастамаларды қолдау, оны жүзеге асыру әрбір студент жастарға үлкен жауапкершілік деп ойлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444