ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚ ӘКІМДІКТЕР ЖАППАЙ «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КӨШУДЕ

«Ашық Түркістан» Жобасы шеңберінде бір ай мерзімде Келес ауданына қарасты Ақтөбе, Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округ әкім аппараттары «Open Space» форматында жұмыс істеуге көшті.

 

«Open Space» — жаңа ашық кеңістік үлгісіндегі ауыл әкімінің қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан және қабырғасы әйнектен жасалған.

Бұл формат арқылы жергілікті тұрғындар әкіммен және қызметкерлерімен ашық түрде еркін байланыс орната алады.

Әкімдіктің орталыққа орын ауыстыруы ең алдымен жергілікті халық үшін ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, аталған ғимаратта «Nur Otan» партиясы филиалы мен ардагерлер кеңесі орналасатын болады.

Осылайша Келес ауданының ауылдық округ әкімдіктері халыққа қолайлы, «Бір терезе» қағидасы форматында жұмыс жасайтын болады.

Ал, қазірге аудандағы 12 ауылдық округтің 3 әкімдік жаңа форматпен жұмыс істеуде, алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округтердің әкімдері жаппай бірінші қабатқа түсіріліп, «Open Space» үлгісінде жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, ашықтық пен жариялылыққа ұмтылған әкімдіктің алдағы жоспарларының тағы бірі — халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын оңтайландыру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444