Шымкентте «Тұғыры биік тұлғалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде
Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткерлері С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Алғашқы сөзді қала әкімі Erlan Aitakhanov алып, тағылымы мен танымы мол шараның мақсатына тоқталды. Ұлтжандылықты ту еткен тарихи тұлғаларды дәріптеу арқылы ұрпақ санасына тың серпіліс жасау маңыздылығын тілге тиек етті. Конференцияны тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент –мүшесі, Халықаралық түркі академиясының президенті, «Egemen Qazagstan» жалпыұлттық республикалық газетінің басқарма төрағасы Д.Қыдырәлі жүргізді.
Тарихқа тағзым ету арқылы ұлтжандылықты дәріптеуді көздеген шараға сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, профессор Оразалы Сәбден, Б.Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын, филология ғылымдарының кандидаты Н.Нұрпейісов, доцент С.Кәрібаев қатысты.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларының С.Қожанов пен Т.Рысқұловтың өмір жолдарын зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар арнайы шақырылған.