«Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік туризмнің дамуына үлес қосу» атты дөңгелек үстел

19 маусым күні сағат: 11:00-де «Атамекен» ҰКП конференц залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш — Елбасы фондының тапсырысы аясында «UniFACE» жастар қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандар мен БАҚ өкілдерін жинап «Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік туризмнің дамуына үлес қосу» атты дөңгелек үстел өткізген болатын.
Аталмыш дөңгелек үстел ауқымды жобаның бастапқы кезеңі болып есептеледі.
Жоба «Жаңа жобалар мен идеялар» жәрмеңкесінде жеңімпаз атанып, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қорының қаржылай қолдауына ие болған.
Қазіргі таңда жобаның бастапқы кезеңінде «UniFACE» жастар қоғамдық бірлестігі дөңгелек үстел өткізу арқылы, алдағы жұмыс жоспарын толықтай бекітіп алды.
Жобаның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамымыздың бір бөлігі екендігін ескеріп, олар үшін кедергісіз кеңістік қалыптастыру. Қоғамдық және туристтік орталарда мұндай жандар үшін мейлінше жағдай жасау және қоғамнан тыс қалмауларына ықпал ету.
Жобаның орындалу барысына:
Өңірлік деңгейде түрлі туристік нысан өкілдерінің қатысуымен кедергісіз кеңістік принциптері туралы ontustiktravel.kz порталында арнайы жүйе қалыптастыру;
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімділік деңгейін анықтау үшін 30 туристік объектілерді аттестаттаудан өткізу;
МШЖ үшін ортақ электрондық экологиялық деректер базасын әзірлеу және іске асыру;
50 жоба еріктілерінің көмегімен туристік нысандардың қолжетімділігін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
Жобаның жүргізілу барысын қолдау ретінде ақпараттық порталдар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар жариялау кіреді.
Алдағы уақытта жоба жүзеге асқан жағдайда, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық қанды кедергісіз кеңістік қалыптасады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444