ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ МЕЙРАМДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

Жаңа облыс орталығына қоныс аударып, түрлі бағыттағы шаралардың өтуіне ұйытқы болып жүрген Департаменттер үйінде 500 — ге жуық азамат қатысқан Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті.

Бұл игі бастамаға облыстық арнайы мектеп — интернат және  «Департаменттер үйі» ғимаратында орналасқан Агенттіктің аумақтық департаменті, Әділет департаменті, Экология департаменті, Статистика департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Экономикалық сот және Қаржы басқармасы қолдау білдірді.

Мерекелік шара аясында ғимараттың спорт алаңында ұлттық нақыштағы 5 киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Сондай-ақ, мерекелік шарада қолдау білдірген барлық мекеме қызметшілері арасында арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, тоғыз құмалақ т.б. ұлттық ойындар ойнатылды.

Бұл күні іскерлік киімдерін қазақи нақыштағы әшекейлі киімге ауыстырған мемлекеттік қызметшілер меркелік ақ дастархан жайып, келген қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Қуанышты меркеге келген қонақтар осындай игі іске бастамашы болып жүрген мекеме басшыларына өз алғыстарын білдірді.

Ал, ерекше қуанышқа бөленген мемлекеттік қызметшілер бұл күні

бір-біріне кішіпейілдік пен қонақжайлылық танытып, мерекемен құттықтап бір марқайып қалғандай болды.

Мерекелік шара әрі қарай әсем әнмен, концерттік қойылымдарды тамашалаумен және спорттық ойындардан жеңімпаздарды құттықтаумен жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444