Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай жасауға жол берген шенділерге шара қолдану ұсынылды
Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметшілері арасында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде мәжіліс өтті.
Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Дәулет Нарымбетов басқарма басшысы Әсия Темірбаев және басқарма қызметкерлері қатысты.
Ұсыну Басқармаға қарасты «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» коммуналды мемлекеттік мекемесінің қызметкеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша қаралды.
Ұсынудың мән-жайы туралы Департаменттің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Д.Жұматаев аталған мекеме қызметкерлерімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша келісім шарт түзілгенін, келісім шартта көрсетілген тауарлардың бірқатары мекемеге жеткізіліп, кейбір бөліктері жеткізілмегені анықталды. Алайда, жеткізілмеген тауарлардың орны алмастырылып, оның орнына басқа да тауарлар жеткізілгені сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғанын мәлімдеді.
Мәжілістің қорытындысымен ведомствалық бақылауды өз деңгейінде жүргізбей қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығын жасауына жол бергені және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-шараларды атқармағаны үшін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» мекемесінің жауапты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылды.