Е.АЙТАХАНОВ: «ЖАБАЙЫ САУДА ЗАҢСЫЗ ӘРІ ҚАУІПТІ»

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады.

Ерлан Қуанышұлы сатушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолда тұрмауын және базар басшылығы тегін орынмен қамтамасыз ететінін жеткізді.

«Біз — мегаполис қаламыз. Келер жылы шаһарымыз ТМД елдерінің мәдени астанасы атанғалы отыр. Сол себептен де қаладағы ретсіз, жабайы сауда орындары жойылуы тиіс. Бұл, біріншіден заңсыз, екіншіден басқа тұрғындарға қауіпті. Аталған аумақтағы кептеліс те осының салдарынан болуда», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Кездесуде базар әкімшілігі сауда иелерінің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2 айға дейін сауда нүктелері үшін бірде бір төлем алмайтындарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444