«Мақсаттар бірлігі — рух бірлігі»  тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы  кафедрасының ұйымдастыруымен «ZOOM»  платформасында «Дәстүр мен діннің өзара үндестігі: тәрбиелік мәні мен маңызы»  және «Мақсаттар бірлігі — рух бірлігі»  тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және ұлттық тілде білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Сондай-ақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Асссамблеяның қызметін жетілдіру бағытында М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы»  арнайы кафедрасының меңгерушісі А.Есеналиевтің жетекшілігімен 2020 оқу жылы Ассамблея қызметін  зерттеу бағыты бойынша 4 оқу құралы ұсынылды. Атап айтқанда: «Этностардың жұмыспен қамтылуы», «Этносаралық коммуникацияның құрылымдық ерекшеліктері мен маңызы» «Этносаралық қақтығыстардың шығу тегі мен себептері», «Этноконфликт әлеуметтік және экономикалық саясаттың факторы ретінде» кітапшалары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444