Неміс этномәдени бірлестігінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Қоғамдық келісім КММ-інде неміс этномәдени бірлестігінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде Шымкент қалалық неміс этномәдени бірлестігіне Бахман Иосиф Владимирович жетекшілік етеді.
Бахман Иосиф Владимирович, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы:
-Биыл ерекше жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл. Ассамблея ширек ғасыр аясында этносаралық келісімге қол жеткізудің жалпыға танылған бірегей институтына айналды. Осы жылдар аралығында неміс этносы көптеген жұмыстар атқарып, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға атсалысты. Жастар арасында неміс тілін оқыту курстары ашылды. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ел басшылығында болған 30 жыл ішінде кез-келген өзгерістерге, геосаяси жағдайларға қарамастан, этносаралық мәселеде өз ұстанымдарынан айнымаған саяси ерік-жігеріне зор құрмет көрсетуге тиіспіз.