Шымкентте мереке күндері тыныш өтті

Шымкент қаласы ТЖ департаменті Дағдарыс орталығында мереке күндердегі қаладағы ахуал бойынша есеп беріп, брифинг өткізді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов мереке күндері орын алған оқиғаларға тоқталды.

Шымкентте мереке күндері өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелері шақыру бойынша 12 рет жолға шыққан. Оның ішінде жану жағдайына-8 рет, есіктерді ашуға 1 рет, қалғандары — кезекшілік. Негізінен үйлердің жанында және қараусыз қалған үйлерде қоқыстар жанған, жеке үйдің қысқа тұйықталуынан бір өрт оқиғасы болған. Жедел іс-әрекеттің арқасында 1 адам құтқарылып, апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Негізінен мереке күндері Шымкент қаласында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Улы газбен уланудан қайтыс болғандар да жоқ. Адам өліміне алып келген улы газбен улану жағдайы тек Түркістан облысы Сайрам ауданында орын алған.

Алайда, 1 желтоқсанда Орынбаев атындағы ауруханаға алғашқы медициналық көмек алу үшін қала тұрғындары жүгінген. Көмек сұрап келген адамдар алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты, сондықтан бұл жағдайлар төтенше жағдайлар ретінде есепке алынбаған.

Өрт қауіпті жағдайды ескере отырып, мереке күндері және улы газбен уланудың алдын алу мақсатында, Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері сенбі күні 30 қарашада «Әр үйде өрт қауіпсіздігі күні» кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіпті. Тек 1 күн ішінде жұмыс топтары 2000-ға жуық үйді аралап, 3000-ға жуық адам алдын алу жұмыстарымен қамтылған.

Айта кетейік, тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде биылғы жылу беру маусымында улы газдан уланудың 1 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алды.
Ал, 2019 жылдың басынан улы газдан уланудың 7 оқиғасы тіркеліп, 7 адам қайтыс болған еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444