«Шанхай апталығы» ЭКСПО тақырыбымен үндеседі
2017 жылдың 3-5 шілде аралығында Астанада Radisson Blu Astana қонақүйінде Шанхайды таныстыратын ірі Қытай компаниясының көрмесі өткізілді. Қытай компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесімен және энергетика, баламалы энергетика, автомобиль жасау, құрылыс, химиялық өнеркәсіп сияқты ел экономикасын дамытатын секторлармен байланысты.
«Шанхай апталығы» атты көрме Шанхай халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеттің бастамасымен ұйымдастырылды және ол Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Көрменің басты мақсаты — Шанхай мен Қазақстан арасындағы іскерлік қатынасты нығайту және кеңейту, қазақстандық компаниялар мен елорда тұрғындарының назарына жаңа құрылғылар мен өнеркәсіп саласындағы керек-жарақтарды таныстыру. Бұл көрме қазақстандық компаниялардың Қытайда жасалған ең соңғы технологиялармен танысуына және Аспан асты елінен іскерлік серіктестерін табуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар мен Астана тұрғындарының назарын бірқатар өнеркәсіп саласының жаңа қондырғылары мен қосалқы бөлшектеріне аудару. Көрме барысында бірқатар автомобиль саласының жаңалықтары көрсетілді. Ірі азық-түлік өндірушілері мен тоқыма компаниялары Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдері қызығушылығын тудыратын тауарлары мен өнімдерін ұсынды. Бұдан бөлек, құрылыс компаниялары көрмеде шынының неше түрін көрсетеді. Олардың қатарында ультражұқа, диджитал және энергия үнемдеуші сияқты түрлері бар. Химиялық салада жұмыс істейтін компаниялар көрме келушілеріне шаруашылыққа қажетті жаңа өнімдерді ұсынады.
Көрмеге Шанхайдың мынадай корпорациялары қатысады: Shanghai Electric Group CO., Ltd, Shenergy Group Co Ltd, Shanghai GCL New Energy Investment Co., Ltd., CEFC China Energy Company Limited, SAIC MOTOR CORPORATION LIMITED PASSENGER VEHICLE CO., Bright Food (Group) Co., Ltd, Shangtex Holding Co., Ltd, Shanghai Building Materials (Group) Co., Ltd, SHANGHAI HUAYI (GROUP) COMPANY.