ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БІР КҮНДЕ 11 ХАТТАМА ТОЛТЫРҒАН

Шымкент қаласы Еңбекшi ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өткізді.

Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, аудан аумағы бойынша COVID-19 анықталған ошақтар барлығы – 252. 122 індет ошағы бойынша «Югдорсервис» ЖШС-ның техникаларымен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

– «Жасыл қала» ЖШС-ы тарапынан №35748 әскери бөлімінің сарбаздарымен аудандағы барлық шағынаудандарындағы тұрғын үйлердегі 2250 кіреберіске 2 рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Publik protection» ЖШС-ы 3 техникамен шағынаудандардағы 435 аулаға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілді. Ал 35748 әскери бөлімінің сарбаздары 15,16,17,18, «Сайрам», «Теріскей», «Күншығыс», жеке тұрған үйлер, «Цементшілер», «Шымкентстрой», 11,12,13 шағынаудандарының 435 аулаларына қайталап залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Ауданда 2020 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін атаулы әлеуметтік көмекке 946 отбасы өтініш білдірді. Оның ішінде 889 отбасының құжаттары қаралып, 745-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді.

Аудан прокуратурасының бастамасымен құрылған мобильдік тобымен бірлесіп жүргізген рейдтік шаралар кезінде 233 төтенше жағдай режимiн бұзу фактілері анықталған. Соттың қаулысымен 183 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған және кеше арнайы топ санитарлық нормаларды бұзған 11 нысанға хаттама толтырған.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 16 тұлғаға әкімшілік қамаққа алу, 39 тұлғаға айыппұл, 128 тұлғаға ескерту түріндегі жазалар тағайындалған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444