Қазақстанда 9 маусым күні Президент сайлауы өтеді

Қазақстанда 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде мәлімдеді.

«Бүгін елімізге және әрқайсысымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялап отырмын. Еліміздің конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, премьер-министрмен кездестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды, әрі қажетті қадам», — деді Қасымжомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы 5 рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы, оның басым бөлігі кезектен тыс болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444