Цифрландырылған ақпараттық орталықтың қызметі білім және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру

Көпшілікті кітап оқуға тартудың ең тиімді жолы – кітапханалар жүйесін жаңғырту, оны заманауи құрылғылармен жабдықтап, өзге де цифрлы жобалар енгізу. Міне, бұл бағытта Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында коворкинг, бродкастинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтары ашылған болатын. Коворкинг деген не? Ағылшын тілінен аударғанда  — бірге жұмыс істеу. Кітапханадағы коворкинг орталығын біз жаңа және өзекті құбылыс деп қабылдаумыз мүмкін. Бірақ, шын мәнінде  ежелгі кітапханалардың бірі болып саналатын Египеттегі Александрия қаласындағы кітапхана — көптеген философтар мен  математиктерге сол заманда «коворкинг орталығы» болған.  2005 жылы коворкингті бүкіл әлемге танымал еткен американдық программист Бред Ньюберг. Ол өзі сияқты фрилансерлермен, яғни, тапсырыс алып жұмыс істейтін адамдармен кеңсе жалдап, жұмыс орындарын ұйымдастырудың  жаңа схемасын жасады. Еркін және бір-бірінен тәуелсіз адамдардың  бір алаңда жұмыс істеу моделін көрсетті. Көп жағдайда  бұл еркін фрилансерлермен  және  стартап командаларының бір кеңседе жұмыс жасауы. Ал, мұндағы  бродкастинг, коворкинг, цифрландырылған ақпараттық орталықтарының негізіг қызметі  білім және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Сондықтан осы мақсаттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық кітапханада «Кітапхананың жаңа келбеті» атты семинар-тренинг өтті. Шараға қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері мен сала басшылары қатысты. Осыған орай,жиын басталмай қонақтарды мекеме қызметкері оқу ғимаратының ішінен орын тепкен жаңа форматтағы оқу залдары, мұражай мен электронды оқу бөлмелерінің жұмыс тәртібімен таныстырып, экскурсия жасады.

Семинар кезінде казіргі таңда облыс бойынша аудандық, ауылдық кітапханаларда ашылған 30-дан астам жаңашыл орталықтардың артықшылықтары сараланды. Бұған дейін өткізілген қызметкерлер арасындағы  іс-тәжірибе алмасу жұмыстары жөнінде айтылып, олардың еңбектеріне жан-жақты талдау жасалынды. 2023 жылға дейін ауылдық жерде 41 жаңа оқу клубтарын ашу жоспарлануда.Олардың 8-і келесі жылы бой көтереді деп күтілуде. Бүгінгі таңда облыста  288 кітапхана халыққа тұрақты қызмет көрсетіп, олардың ішіндегі жалпы кітап қоры 3 миллионнан астам  дананы құрайды. «Коворкинг» сөзінің өзі бірлесе жұмыс жасау деген мағынаны білдіреді. Енді оқырмандар мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысуға болады. Яғни, әртүрлі ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ғаламтор желісін пайдалана отырып, өздеріне қажетті дүниелерді тамашалай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444