ЭКСПО көрмесіне күніне 31 мыңнан аса адам қонақ ретінде қатысады

Өткен аптада 170 мыңға жуық адам ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «19-25 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесіне 168 675 адам барды, яғни күніне орташа есеппен 24 069 адам аралаған. Бастапқы 9 күнде 205 561 адам немесе күніне 22 840 келуші тіркелді. Атап айтқанда, 10-25 маусым аралығында — 374 236, ал 27 маусымдағы жағдай бойынша 425 377 адамға жетті. Сонымен қатар 10-27 маусымда көрмеге келіп кету  көрсеткіші   2 774 527-ні құрады»,-деп атап өтілген халықаралық көрме баспасөз қызметінің мәліметінде. Бұдан бөлек, келушілер саны жоғары павильондардың үздік ондығының тізімі жасалды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Африка плазасы, Мысыр, Қытай, Түркия, Сауд Арабия Корольдігі, Малайзия бар. Мұнымен қоса, адамдар көптеп тамашалайтын нысандардың  ішінде «Нұр-Әлем», коммерциялық павильондар,  «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, «С 3.5» тақырыптық павильоны, амфитеатр, «С 2.4» тақырыптық павильоны, шығармашылық энергия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы қамтылып отыр. Қауіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді, олардың басым бөлігі — ересектердің балалардан көз жазып қалуы. Айта кетерлігі, күн өту, әлсіреу, сондай-ақ созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендер саны 146-ға жетті.  Ал, соңғы жеті күн ішінде EXPO-2017 қалашығын 218 мыңға жуық адам келіп тамашалады. Бұл орта есеппен алғанда күніне – 31 мың 104 адам көрме қонағы болды деген сөз. Ал  EXPO-2017  басталған 10 маусымнан бергі көрсеткіш 592 мыңға жуықтады. Жұрт тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған нысандардан  «Нұр Әлем» көш бастап тұр. Онан әрі тематикалық павильон және «Дю Солей» циркі. Қауіпсіздік мәселесіне келсек, көрме аумағында «Вокорд» жүйесі жұмыс істеп тұр. Соның көмегімен өткен аптада EXPO-2017 қалашығына билетсіз өтпек болған 12 адам анықталды. Мұнан бөлек дрон аппараттарын заңсыз ұшырмақ болған 4 адамның әрекетіне тосқауыл қойылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444