ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БЕЛСЕНДІ КҮРЕСУДЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚАУҚАРЫ ЖОҒАРЫ

 

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша  Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Ордабасы ауданына қарасты Жастар ресурстық орталығында болып, қоғам індетіне қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Г.Төлегенқызы жастардың келер күннің кемеңгерлері екендігін алға тартып, басқарма қызметкерлеріне адал ұрпақты өсіру — еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Түсіндіру жұмыстары кезінде сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою, әрі оның белең алуына жол бермеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екендігі түсіндіріліп, жемқорлықпен түбегейлі қарсы күресу қажеттілігі атап өтілді.

Департаменттің бас маманы өз кезегінде Мемлекет басшысының Жолдауы мен заңнамалық жаңалықтарды жан-жақты талқылап, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін атап өтті.

Сондай-ақ, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарының маңыздылығы сараланып, заңнамалық жаңалықтар жан-жақты талқыланды.

Шара соңында тиісті ақпараттар слайд арқылы басқарма ұжымының назарына ұсынылып, құқықбұзушылық фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444