ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, аудан активімен кездесті.
Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай, қоғамдық кеңестің төрағасы Көлбай Жалғайбай, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен бөлім басшылары, сондай-ақ ауыл әкімдері қатысты.
Таза қоғамды қалыптастырудың негізгі тетіктері ортаға салынған алқалы жиында Ержан Әлиұлы Агенттіктің бастамасымен Түркістан өңірінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтіп, Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістерді баяндады.
Сондай-ақ, соңғы жылдары ауданда анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тоқталып өтіп, жиынға қатысушыларға жемқорлыққа жол берген қол астындағы қызметкерлері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі қарастырылатынын және мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеу керектігін жеткізді.
Айта кетсек, Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында құқықтық, ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444