ШЫМКЕНТТЕ 25 АЗАМАТҚА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 25 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.

Салтанатты шараны ашқан қала басшысы М.Әйтенов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

«Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Атазаңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз»,-деді қала әкімі.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен төмендегі азаматтар марапатталды.
— Жедел медициналық жәрдем көрсету стансиясының фельдшері -Ж.Абдықұлова;
— №2 оңалту орталығының аға мейіргері — П.Адырбаева;
— Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бас маманы — Р.Айдарова;
— №2 қалалық аурухананың босану бөлімшесінің акушері — П.Арапбаева;
— «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бөлім басшысы — Д.Арзымбетов;
— «RG media» сайтының тілшісі — А.Досалы;
— «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің бөлім басшысы — Ғ.Ахпанбетов;
— Шымкент қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы — К.Абдуллаева;
— Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы – Ж.Әшірбеков;
— Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы — С.Балантаева;
— «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті — Ж.Білісбеков;
— Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығының мейіргері — М.Гончарова;
— Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының бөлім басшысы -Б.Жамалбеков;
— №31 жалпы орта білім мектебінің мұғалімі – Н.Каюпова;
— Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы — Б.Көмекбаева;
— М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры — Д.Қожамжарова;
— Орыс драма театры директорының орынбасары — Ж.Қошақов;
— Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы — Қ.Құнанбаев;
— Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының әдіскері — В.Мартынов;
— «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары — Б.Нарымбетов;
— «Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің директоры – З.Парымбекова;
— Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев;
— Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы — И.Рысбай;
— «Гаухар» тігін фабрикасының директоры — Ә.Халбаева;
— Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры – И.Хашимжанов.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
______

В ШЫМКЕНТЕ 25 ГРАЖДАНАМ ВРУЧИЛИ ЮБИЛЕЙНЫЕ МЕДАЛИ К 25-ЛЕТИЮ КОНСТИТУЦИИ

Сегодня аким города Шымкент Мурат Айтенов в честь 25-летия Конституции Республики Казахстан вручил юбилейную медаль 25 гражданам из различных сфер, внесшим весомый вклад в обеспечение верховенства Конституции Республики Казахстан.

Открывая торжественное мероприятие, глава города М. Айтенов поздравил присутствующих с 25-летним юбилеем Конституции Республики Казахстан, отметив роль этого праздника в развитии государства, общества и жизни каждого казахстанца.

«Принятая 25 лет назад Конституция Республики Казахстан соответствует всем демократическим принципам, присущим цивилизованным государствам. Конституция – основа стабильности, единства и целостности нашей страны. Все необходимые государству законы были приняты своевременно, благодаря чему нам открылись пути социально-экономического и политического совершенствования. Сегодня мы с гордостью говорим о том, что наша страна занимает достойное место в мировом сообществе», — сказал аким города.

Юбилейной медалью «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», утвержденной Указом Президента Республики Казахстан, награждены следующие граждане.
— Фельдшер станции скорой медицинской помощи-Ж.Абдыкулова;
— Старшая медицинская сестра реабилитационного центра №2 — П.Адырбаева;
— Главный специалист управления строительства города Шымкент — Р.Айдарова;
— Акушер родильного отделения городской больницы №2 — П.Арапбаева;
— Руководитель отдела ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» — Д.Арзымбетов;
— Корреспондент сайта » RG media» — А.Досалы;
— Руководитель отдела ТОО «ЛТД Турмыс» — Г.Ахпанбетов;
— Главный инспектор аппарата акима города Шымкент — К.Абдуллаева;
— Старший тренер школы высшего спортивного мастерства города Шымкент – Ж.Аширбеков;
— Главный специалист управления занятости и социальных программ города Шымкент — С.Балантаева;
— Президент ассоциации «Гражданский Альянс Казахстана» — Ж.Билисбеков;
— Медицинская сестра центра гипербарической оксигенации им. Т. Орынбаева — М.Гончарова;
— Руководитель отдела аппарата маслихата города Шымкента -Б.Жамалбеков;
— Учительница средней школы № 31 им. В. Терешкова – Н.Каюпова;
— Председатель Совета матерей при Ассамблее народа Казахстана — Б.Комекбаева;
— Ректор Южно-Казахстанского государственного университета имени М. Ауэзова — Д.Кожамжарова;
— Заместитель директора русского драматического театра — Ж.Кошаков;
— Председатель городской территориальной избирательной комиссии — К.Кунанбаев;
— Методист управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Шымкент — В.Мартынов;
— Первый заместитель председателя Шымкентского городского филиала партии «Nur Otan» — Б.Нарымбетов;
— Директор КГУ «Шымкентская городская юношеская библиотека» – З.Парымбекова;
— Председатель Совета общественного согласия при Ассамблее народа Казахстана города Шымкент — О.Рахманбердиев;
— Председатель Шымкентского городского совета ветеранов — И.Рысбай;
— Директор швейной фабрики «Гаухар» — А.Халбаева;
— Директор Шымкентского городского узбекского драматического театра – И.Хашимжанов.

Пресс-служба акима города Шымкент

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444