АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ — БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің  бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар ауданының Статистика басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Түсіндіру жұмыстары барысында Г.Төлегенқызы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттары мен заңнамалық жаңалықтарды талқылап, қоғамда сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, пара алу, пара беру, делдал болу ең ауыр қылмыс екендігін ескертіп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда белсенді болуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, басқарма қызметкерлерінің назарына сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша арнайы әзірленген статистикалық мәліметтер ұсынылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444