Этномәдени бірлестіктер мұқтаж азаматтарға қаржылай көмек көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай этномәдени бірлестіктер Шымкент қаласындағы мұқтаж азаматтарға қаржылай көмек көрсетті.
«Қайырымдылық – қайырлы іс», дейтін халық даналығын басшылыққа алған этнос өкілдері көп балалы әрі мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасылардың жағдайларын біліп, жалғызбасты аналар мен науқас азаматтардың үйлерінде болды. Наурыз айында қатарласа келетін көзайым мерекелермен құттықтаған этнобірлестік өкілдері көңілдері күпті азаматтарға бір сәт қуаныш сыйлады.
Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған игі іске атсалысқан этноұйымдар миллионнан астам теңгесін қайырымдылыққа бағыттап, 11 отбасыға қаржылай қолдау жасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444