ҚАЗАҚСТАН МЕН ФИНЛЯНДИЯ АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛДЫ

Финляндияның Қазақстандағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Илкка Райсанен екі ел арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастардың дамуына жоғары баға бере отырып, оны әлі де тереңдете түсу қажеттігін атай  келе, «Финляндия үшін Қазақстан – Орталық Азияға жол аша­тын қақпа. Біз де Қазақстан үшін бүкіл Солтүстік Еуропа аймағының қақ­пасы бола аламыз деп сенемін. Аста­нада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысатынымызға қуаныштымыз. Себебі, дәл осы жылы біз тәуелсіздігіміздің 100 жыл­дығын, сондай-ақ екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтіп отырмыз», – деген болатын И.Рай­санен. Бүгінде Қазақстан мен Финляндия арасында жаңа әуе рейсі ашылды. Енді екі елдің арасындағы алыс-беріс артып, барыс-келіс жиілейтін болды.

18 маусым күні  «FinnAir» әуе компаниясы Хелсинкіден Астанаға алғашқы рейсті орындады.

Айта кетейік, «JACDEC» зерттеу бюросының ақпараты бойынша, Финляндияның «FinnАir» ірі әуе компаниясы 2012-2013 жылдары Еуропадағы ең қауіпсіз әуе компания атанған және қауіпсіздік жөнінен әлем бойынша екінші орынды иеленген.

Финляндияының сыртқы сауда және даму министрі Кай Мюккянен бастаған делегацияның жартысы Астанаға келді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайтын болып бекітілді. Аталмыш рейстер «Airbus 319» әуе кемесімен Астанадан  жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40-та  орындалады. Екі ел арасындағы рейсті ашуда Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және Даму Министірлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды.

Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және Даму Министірі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесуінде: «Қазақстанның авиация билігі «FinАir» әуе компаниясына Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді. Бұл тарихи оқиға Қазақстан мен Финляндия арасындағы бизнес-қоғамдастықтың жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Бекітілген тасымалдаушылар үшін елдер арасында ұшуды орындауда еш кедергі жоқ. Қазіргі уақытта «Әуе қатынасы туралы» үкіметаралық  жаңа келісім жобасы тиісті мемлекеттік рәсімдеуден өтіп жатыр», — деді. Сонымен қатар, жақын уақытта Финляндия президентінің Қазақстанға келуі жоспарлануда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444