БІРІККЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҰЛТТЫҚ КҮНІ ӨТТІ
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде өткен Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Ұлттық күнін Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров пен Жоғары мәртебелі ханзада Ричард Глостердің Герцогы ашты.
Ұлттық күннің бағдарламасы ауқымды әрі қызық болды. Келушілерге Лондонның қазіргі заман балетінің қойылымы, парад-шоу, Гарри Поттердің оқылымы, сондай-ақ саз және вокал нөмірлері көрсетілді.
Ұлыбританияның павильоны ауқымды павильондардың бірі. Онда жаңартылатын энергия көздері, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы соңғы үлгілер мен инновациялар ұсынылған.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті. Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны жайлы айтылды. Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары Қытай Халық Республикасы мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы – Финляндия – Қытай Халық Республикасы, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы Қытай Халық Республикасынан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.
Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды. Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекешелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды. Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді. Сонымен қатар Министр қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы» үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.